"Өңі кіріп, толықсыпты": 17 жыл құлдықта болған қыздардың жаңа образы көпті тәнті етті

"Өңі кіріп, толықсыпты": 17 жыл құлдықта болған қыздардың жаңа образы көпті тәнті етті
Фото: видеодан алынған кадр

Журналист Руслан Өтепбай ұзақ жыл құлдықта болған қос қыздың жаңа образын көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, бұған дейін халық тарапынан түрлі пікір айтылған.

"Халық қаласа хан түйесін сояды". Жаңа өмір, жаңа образ, жаңа жыл! Қыздардың шаштары көңілдеріңізден шықты ма?" - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Руслан Есмагамбетов (@ruslan_utepbai)

Желі қолданушылары қыздардың күлімдеген жүзіне қарап, көмектескен жандарға алғыс білдірді.

"Әдемі жарасып тұр өздеріне, томпиып, күлімдеп жүргендерін көріп қуанып отырмын", "Қыздардың өңі кіріп, толықсып, ажарланып, жүздеріне жылу кіріп, бір керемет болып қалыпты", "Әдемі болды", "Бұл да бір терапия ғой, әдемі", - дейді олар.

Айта кетейік, Түркістан облысында апалы-сіңілі қыздар ұзақ уақыт бойы еңбек құлдығында болған еді. Бұл жағдайды қыздардың сыныптастары "Көреміз" бағдарламасына айтқан болатын.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова