"Бәріңізге жұғысты болсын". Райм ұлымен ерекше видео жариялады

Танымал әнші Райм ұлымен ерекше видео жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнерлі отбасы қазір Мальдив аралдарында демалып жүр.

"Аяғын қатты бастырып жатырған жоқпын. Белінен ұстап көтердім. Уайымдамаңыздар. Жұғысты болсын бәріңізге осындай мән", - деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары жантебірентер көрініске жылы лебіздерін жазды.

"Өмірдің мәні", "Кішкентай адам", "Алла бақтарыңды еселесін", "Бір керемет көрініс, баршаңызға жұғысты болсын", - дейді олар.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!