Зейнетақысы 140 мың теңгеден аспайтындарға 50 мың теңге мөлшерінде біржолғы төлем беріле ме?

Зейнетақысы 140 мың теңгеден аспайтындарға 50 мың теңге мөлшерінде біржолғы төлем беріле ме?
Фото: Tengrinews.kz

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде зейнетақысы 140 мың теңгеден аспайтын зейнеткерлерге мемлекеттен 50 мың теңге мөлшерінде біржолғы төлем берілетіні туралы ақпарат тарап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мұның шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Мессенджерлерде зейнеткерлерге материалдық көмек төленетіні туралы жалған ақпарат тарап жатыр. Тағайындалған қаражатты алу үшін белгісіз адамдар Халыққа қызмет көрсету орталығына хабарласып, №2 нысанды толтыруды ұсынады.

"Аталған материалдық көмек түрі жоқ екенін және мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылатыны хабарлаймыз. Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз. Жалған ақпаратты тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз", - делінген хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан