Тараздық тұрғын TikTok-та тікелей эфирде ішімдік ішіп, жол ережесін өрескел бұзған

Тараздық тұрғын TikTok-та тікелей эфирде отырып, жол ережесін бұзған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полицейлер жол ережесін бұзған жүргізушіні ұстады. 

TikTok-тың тікелей эфирінде тараздық жігіт көлік айдап, алкогольдік ішімдік ішіп, балағат сөз сөйлеген. Содан соң ол автокөліктің алдыңғы мемлекеттік тіркеу нөмірін алып тастап, қала ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзып жүрген.

"Тараз қаласы ПБ Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көмегімен полиция қызметкерлері Mercedes-Benz" маркалы автокөліктің жүргізушісін анықтады. 24 жастағы ер адамға қатысты көлікті мемлекеттік тіркеу нөмірсіз, сақтандыру полиссіз басқарғаны, маневр жасау ережелерін бұзғаны, сондай-ақ автокөлікті мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды", - делінген хабарламада.

Құқық бұзушы енді айыппұл төлейтін болады және 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Оның көлігі арнайы тұраққа қойылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина