Такси қызметтері жүргізушілерінің кесірінен көлік апаты жиі болады

Көлік министрі Марат Қарабаев жолаушы тасымалындағы өзекті сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында inDriver, Яндекс.Такси жүргізушілері министрге көлік апаты санының өсуіне агрегаторлар жұмысының ерекшелігі ықпал ететінін айтты. Олардың айтуынша, компаниялардың бірі серіктестерін шамадан тыс жұмыс істеуге итермелейді.

Мысалы, жүйеде арнайы акция жарияланады. Оның шартына сәйкес жүргізушілер белгілі бір тапсырыстарды орындағаны үшін жақсы бонустарға ие болады.

"Мәселен, аптасына жасалған 180 және 300 сапар үшін жүргізушіге сыйақы қарастырылған. Бірінші шарт бойынша жүргізуші күн сайын үзіліссіз шамамен 12-13 сағат, ал екіншісінде 21-22 сағат бойы жұмыс істеуі керек. Жүргізушілер қосымша табыс табу үшін өзара бәсекелесіп, салдарынан жол-көлік апатының саны артады", - деп жазылған көлік министрлігі таратқан хабарламада.

Аяз Есен

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!