Оралда қырықаяқтың уынан бес адам зардап шекті

Оралда қырықаяқтың уынан бес адам зардап шекті
Фото: pixabay.com

Оралда қырықаяқтың уынан бес адам зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Qazaqstan ұлттық арнасына сілтеме жасап.

Зардап шеккендердің ішінде бес жасар қыз бала бар. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 35 жастағы тұрғын зяинкестерді жою үшін пәтеріне химиялық зат сепкен. Салдарынан, көпқабатты үйде тұратын көршілері уланып қалған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметкері түнгі сағат 22:00-де бес адам жедел жәрдем арқылы қалалық ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Олардың біреуі - ер адам, үшеуі әйел адам және біреуі бүлдіршін. Бәрі де таңға дейін дәрігерлердің бақылауында болып, жағдайлары тұрақталған соң үйлеріне жіберілген.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина