Шымкенттегі көне Қошқар ата мешіті сүрілетіні рас па?

Шымкенттегі көне Қошқар ата мешіті сүрілетіні рас па?
Фото: otyrar.kz

Әлеуметтік желіде көне Қошқар ата мешітінің сүріліп жатқаны бейнеленген видео тарап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Мешіт XIX ғасырдың ортасында салынған және ерекше құнды болғандықтан, шымкенттіктер наразылық тудырып жатыр. Оған Ферғанадан келген ең таңдаулы шеберлер жұмыс істеген.

Сәулет және қала құрылысы бөлімі қызметкерлері жұмыстарға қатысты пікір білдіріп, мешіттің сүрілмейтінін айтты. 

"Бұл мәселеге қатысты мешіттің сүрілмейтінін хабарлаймыз. Мешіт басшылығының берген өтініші бойынша мешіт аумағындағы шатыры бар құрылысты бұзу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген ресми хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек