"Бала болмайды" деген диагноз қойып берді". Жұлдызай Дүйсенбиева көпшілік білмейтін сырын айтты

Танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиева "Қызықты weekend" бағдарламасында отбасы туралы әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесінің сөзінше, дәрігерлер кезінде оған "сәбилі болмайсыз" деген диагноз қойған.

"Аянат (қызы - еск.) дүниеге келер алдында дәрігерлер "бала болмайды" деген диагноз қойып берген. Сол кезде (жолдасым - еск.): "егер екеумізге баласыз қол ұстасып жүруді нәсіп еткен болса, маңдайымызға жазған болса, соған көнемін" деді. Сол әңгіменің арқасында емге де, ештеңе де бармай, рухани еммен дүниеге қыз келді. Дәрігерлердің өз таңғалады. "Сіздің диагнозбен босана алмайтын едіңіз, қалай болды?" дейді. Жібердім (жағдайды - еск.), Алла маған берді", - деді өнер иесі.

Айта кетейік, актриса жұбайымен бірге бір қыз тәрбиелеп отыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз