Тұңғыш түрік ғарышкері ерекше видеолар жариялады

Тұңғыш түрік ғарышкері Альпер Гезеравджи әлеуметтік желіде ғарыштан ерекше видеолар жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Әлбетте, сурет ұшақпен ұшқандағыдан сәл өзгеше", - деп жазды ол.

Айта кетейік, 19 қаңтарда Канаверал мүйісінен (Флорида штаты, АҚШ) ұшырылған Crew Dragon ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясына бара жатыр.

Экипаж мүшелері қатарында түркиялық Альпер Гезеравджи де бар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!