Атырау облысында жол апаты болып, шетелдік азамат қайтыс болды

Атырау облысында жол апаты болып, шетелдік азамат қайтыс болды
Фото: AtyrauPress

Желіде жантүршіктірер жол апатының видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі AtyrauPress сайтына сілтеме жасап.

Желідегі бейнежазбадан жол жиегінен шығып кеткен көліктің быт-шыты шыққанын көруге болады. 20 қаңтар күні сағат 16:30 шамасында республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахань тасжолының 659-шақырымы тұсында маркасы Chevrolet Cobalt автокөлігін басқарған 1992 жылы туған Өзбекстан Республикасының азаматы басқару жүйесін игере алмай қарсы бағытта келе жатқан маркасы Mercedes Benz Actros жүк көлігіне соғысқан.

Салдарынан Chevrolet Cobalt автокөлігіндегі 1982 жылы туған жолаушысы қаза тапты. Жолаушы Өзбекстан Республикасының азаматшасы. Сондай-ақ, көліктегі 2 жолаушысына алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Айта кетейік, автокөлік жүргізушісіне оқиға болар уақытқа дейін патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Сарыөзек елді-мекен тұсында ескерту жұмыстарын жүргізген.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина