Кәсіпкерлерді алдаған түркістандық алаяққа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Кәсіпкерлерді алдаған түркістандық алаяққа қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: Tengrinews.kz

Кәсіпкерлерге грант алып беруге уәде берген түркістандыққа қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өткен жылдың желтоқсан айында 28 түркістандық кәсіпкерді қайтарымсыз грант алып беремін деп сан соқтырған 1995 жылы туған Д. есімді ер адам ұсталды. Алаяқтың арбауына іліккендердің әрқайсысына 700 мың мен 1,1 млн теңге көлемінде шығын келген. Бөтеннің қаржысын заңсыз, оңай жолмен иемденуді көздеген азамат қалалық полиция басқармасының қызметкерлерімен қолға түсті. Қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Одан бөлек, 1990 жылы туған Д. есімді азаматшаның алаяқтық бойынша ісі сот өндірісіне өткен. Жалпы былтыр қалалық полиция басқармасына алаяқтық фактісі бойынша 250-ге жуық қылмыстық іс тіркелген. Оның 48-і грант алуға жәрдемдесемін деген алаяқтыққа сеніп қалған жәбірленушілерден түскен арыз.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина