4 облыста көлік қозғалысына шектеу енгізілді

4 облыста көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Фото: Tengrinews.kz

4  облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақтөбе облысында - 2 учаске

1. "Ақтөбе-Атырау-Астрахань" 255-330 шақырым, Қарауылкелді а.-Атырау обл. шек. - 75 шақырым.

2. "Ақтөбе-Атырау-Астрахань" 185-255 шақырым, Шұбаркұдық а. - Қарауылкелді а. – 70 шақырым.

(бұрқасын, шектеулі көрініс)

Жамбыл облысында - 1 учаске

1. "Алматы-Ташкент-Термез" 159-238 шақырым, Кенен а- Қайнар а. - 79 шақырым.

(қар аралас жаңбыр, екпінді жел, тұман, шектеулі көрініс).

Жетісу облысында – 1 учаске

1. "Үшарал-Достық" 84-184 шақырым, Көктұма ст. -Достық ст. – 100 шақырым.

(тұман, шектеулі көрініс).

Батыс Қазақстан облысында – 6 учаске

1. "Орал-Тасқала-РФшек." 4-104 шақырым, Орал қ. -РФ шек. – 100 шақырым.

2. "Атырау-Орал" 375-492 шақырым, Чапаево а. - Орал қ. – 117 шақырым.

3. "Чапаево-Жалпақтал-Казталовка" 0-213 шақырым, Чапаево а. -Казталовка а. – 213 шақырым.

4. "Казталовка-Жәнібек-РФ шек." 0-158 Казталовка а. -Жәнібек а. – 158 шақырым.

5. "Подстепное-Федоровка РФ шек." 0-36 шақырым, Подстепное а. - Федоровка а. – 36 шақырым.

(екпінді жел, бұрқасын, шектеулі көрініс).

6."Самара-Шымкент" 195-246 шақырым, РФ шек. - Орал қ. – 51 шақырым.

(РФ ауа-райының қолайсыздығына байланысты).

 Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 289 бірлік техника және 460 жолшы жұмылдырылды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина