Атырау облысында бейітке барған атыраулық жоқ болып кеткен

Атырау облысында бейітке барған атыраулық жоқ болып кеткен
Фото: Tengrinews.kz

Атырауда 11 күн бұрын жоғалған адам әлі іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі AtyrauPress сайтына сілтеме жасап.

Жылыой аудандық полиция бөлімі мәліметінше, 9 қаңтар күні 1985 жылы туған Жылыой ауданының азаматы белгісіз бағытқа шығып, осы уақытқа дейін үйіне оралмаған.

Із-түзсіз жоғалған адам 9 қаңтар күні сағат 22:30 шамасында "коммунизм таңы жанындағы бейіттің қасында келе жатырмын, адасып кеттім" деп анасына хабарласқан.

Қазіргі таңда аудандық полиция бөлімі Төтенже жағдайлар қызметі және Әкімшілік қызметкерлерімен бірлесіп, жедел іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина