Аяздан бір аптада 47 адам қаза тапқан

Аяздан бір аптада 47 адам қаза тапқан
Фото: depositphotos.com

АҚШ-та күннің суытуы салдарынан соңғы бір аптада 47 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24KZ телеарнасына сілтеме жасап.

NBC арнасының хабарлауынша, әсіресе, Теннесси штатының тұрғындары ауа райының қолайсыздығынан қатты зардап шегіп отыр. Америка құрама штаттарының көп бөлігінде 12 қаңтардан бері ауа температурасы күрт төмендеді. Рекордтық төмен - минус 34 градус тіркелді. Бірнеше штатта қалың қар жауып, негізгі жолдар жабылды.

Айта кетейік, бүгін Астанада және еліміздің 14 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина