12 күн бұрын жоғалып кеткен павлодарлық әйел табылды

12 күн бұрын жоғалып кеткен екі баланың анасы, Павлодар облысының 26 жастағы тұрғыны табылды. Бұл туралы VITA тергеу отряды Instagram-парақшасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Баршаңызға рақмет! Полиция қызметкерлері тапты, аман", - дейді еріктілер. 

Еске салайық, Диана Сагинтаева 8 қаңтарда Қызылжар ауылындағы үйінен шығып, Павлодардағы жұмысына кеткен. Алайда жұмысқа да сол күні бармаған. Ұялы телефоны сөндірулі болған. Диана тұрмыста, екі кәмелетке толмаған баласы бар.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!