Талдықорғанда ер адамның намаз кезінде мешіттегі әрекеті видеоға түсіп қалған

Талдықорғанда ер адамның намаз кезінде мешіттегі әрекеті видеоға түсіп қалған

Талдықорғанда намаз кезінде мешітте аяқ-киім ұрлаған ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қалалық полиция қызметкерлері 29 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Күдіктіні бейнебақылау камераларының көмегімен анықтауға мүмкіндік туды. Ұсталған адам ұрлыққа қатысын жоққа шығармайды, кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініп отыр", – деп атап өтті Талдықорған қаласы полиция басқармасының бастығы Ернар Ширбаев.

Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина