Ақтөбеде ер адам мас күйде бірге тұратын әйелдің көлігін ұрлап кеткен

Ақтөбеде ер адам мас күйде бірге тұратын әйелдің көлігін ұрлап кеткен
Фото: instagram

Ақтөбеде ер адам мас күйде бірге тұратын әйелдің көлігін ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақтөбе қаласының полициясына жергілікті тұрғын отбасылық жанжалдан кейін бірге тұратын адамның ​Honda автокөлігін ұрлап кеткені туралы арызданды. 18 қаңтарда сағат шамамен 14:00-де Махамбетов көшесінде ұрланған автокөлікті байқаған Ақтөбе қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері шұғыл түрде ұстау шараларын жүргізді.

Тексеру барысында ​жүргізушінің аталған көлік құралын масаң күйде басқарғаны, сондай-ақ бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен, сондай-ақ ҚР ҚК-нің 200-бабы бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды. Күдікті Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина