Талдықорғанда мешітте ұрлық жасаған күдікті ұсталды

Талдықорғанда мешітте ұрлық жасаған күдікті ұсталды
Фото: Видеодан алынған кадр

Талдықорғанда мешіттердің бірінен намаз кезінде аяқкиім ұрлаған азаматтың әрекеті бейнекамераға түсіп қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қалалық полиция қызметкерлері 29 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады.

"Күдіктіні бейнебақылау камераларының көмегімен анықтауға мүмкіндік туды. Ұсталған адам ұрлыққа қатысын жоққа шығармайды, кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініп отыр", – деді Талдықорған қаласы полиция басқармасының бастығы Ернар Ширбаев.   

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адамға қатысты келу туралы міндеттеме процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы