20 қаңтарда ауа райы қандай болады?

20 қаңтарда ауа райы қандай болады?
Фото: Massaget.kz/Болат Айтмолда

Қазгидромет синоптиктері сенбі, 20 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астанада көшпелі бұлт болады, кей жерлерде қар жауады. Оңтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде -18-20 градус, күндіз -13-15 градус.

Алматыда көшпелі бұлтты, өткінші қар жауады. Солтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде -6-8 градус, күндіз -3-5 градус.

Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан секундына 8-13 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде -7-9 градус, күндіз -1-3 градус.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек