Алматыда қар жауады: жолдар мен тротуарларға мұз қатып, көктайғақ болуы мүмкін

Алматыда қар жауады: жолдар мен тротуарларға мұз қатып, көктайғақ болуы мүмкін
Фото: Tengrinews.kz

"Қазгидромет" РМК болжамына сәйкес, Алматыда бүгін ауа температурасы -6… -8°C-ға дейін төмендейді, шамамен сағат 04:00-ден түске дейін қалыңдығы 4 см-ге дейін аздаған қар жауады. Жолдар мен тротуарларға мұз қатып, көктайғақ болуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

20 қаңтарда күндіз көшпелі бұлт шығып, солтүстік-шығыстан жылдамдығы 2-7 м/с жел соғады, ауа температурасы 3-5 градус суық болады.

Алматының коммуналдық қызметі күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды. Аудан әкімдіктерінде жұмысты бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

20 қаңтарда күндіз 412 арнайы техника мен 1 120 жұмысшы жұмылдырылады. Түнде 436 арнайы техника және 219 жұмысшы тарту жоспарланды. Қарды шығаруға 123 бірлік, оның ішінде 27 қар тиеуші, 75 өзі түсіргіш жүк көлігі, 11 трактор, 10 автогрейдер және 156 жұмысшы жұмылдырылады. Дислокация орындарында қар жауғанға дейін 146 құм таратқыш кезекшілікке шығады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан