Павлодарда жолдан жүгіріп өтпек болған адамды автобус қағып кетті

Павлодарда жолдан жүгіріп өтпек болған адамды автобус қағып кетті
Фото: Tengrinews.kz

Павлодарда жолдан жүгіріп өтпек болған адамды автобус қағып кетті. Зардап шеккен тұрғын ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 қаңтарда 16:45-те Лермонтов-Сәтбаев көшелерінің қиылысында Huanghai маркалы автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Ол жаяу жүргіншілер өткелінен жүгіріп өтпекші болған. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді.

Полиция тергеуді бастады. Автобус айып тұрағына қойылды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан