Талғарда жасөспірім мінген көлік оқушы қызды қағып кетті: видео

Талғарда жасөспірім мінген көлік оқушы қызды қағып кетті: видео
Фото: видеодан алынған кадр

Кадрларда тәжірибесі жоқ жүргізуші мінген көліктің жолдың шетінде кетіп бара жатқан қызды қалай басып өткенін көруге болады. Полицейлер жүргізушіні тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Полицейлер жедел іздестіру шаралары барысында көліктің жүргізушісі мен иесін анықтады, зардап шеккен қыз дәрігерлерге қаралып, дене жарақаты болмаған соң үйіне шығарылды", - делінген полиция хабарламасында.


Полиция сондай-ақ көлікті иесінің кәмелетке толмаған ұлы жүргізгенін хабарлады.

Әкесі заң бойынша жазаланып, баласымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан