Басынан банкамен ұрған "күйеуіне" пышақ сұғып алған павлодарлық әйел сотталды

Басынан банкамен ұрған "күйеуіне" пышақ сұғып алған павлодарлық әйел сотталды
Фото: depositphotos.com

Павлодарда "күйеуіне" пышақ сұққан әйел сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодардың №2 сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылғы 25 қазанда бірге тұратын әйел мен ер адам пәтерде спирттік ішімдік ішкен.

Ер адам масаң күйде қызғаныштан әйелдің басынан банкамен ұрған. Бұған жауап ретінде әйел еркектің ішіне пышақ сұғып, денсаулығына ауыр зиян келтірген.

"Оқиға бойынша әйел адам өз кінәсін мойындады және басқа да айғақтармен дәлелденді. Ер адам әйелді кешіргенін айтып, соттан бас бостандығынан айырмауды өтінді", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Бұл қылмыс үшін қолданыстағы Қылмыстық кодексте 8 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Сот әйелдің бұрын сотталмағанын, кінәсін толық мойындап және істеген ісіне өкінгенін, жәбірленушімен татуласқанын және заңсыз әрекетін ескеріп, оған 3 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан