Бесінші сәбиін дүниеге әкелген Алтынай Жорабаева перзентханада болған қызық жағдайды айтты

Бесінші сәбиін дүниеге әкелген Алтынай Жорабаева перзентханада болған қызық жағдайды айтты
Фото: Видео кадры

Бесінші сәбиін дүниеге әкелген Алтынай Жорабаева перзентханада болған қызық жағдайды айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Өнер иесінің айтуынша, перзентханада болғанда күйеуі үйге кайтуға асыққан.

"Осы жерде Алишер тез үйге кеткісі келіп тұр. "Неге сондай ұзақ болып кетті? Тез үйге қайтайық! Амина шаршап қалды. Амина екеуміз кете берейік, өздерің асықпай келерсіңдер" деді", - деп жазған әнші.

Сондай-ақ, өнер иесі қызының есімінің жазылуына қатысты сұраққа нүкте қойды. 

"Неге біз біреуді түзеткіміз кеп тұрады, осы?! Құжат бойынша да, былай да Амина Алишерқызы. Әмина емес", - дейді ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек