"Пәтуасы жоқ" кино көбейді". Ерік Жолжақсынов қазақ комедиясына қатысты пікір білдірді

Астана циркінің бас директоры, танымал актер Ерік Жолжақсынов қазіргі қазақстандық фильмдерге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол "Оян" бағдарламасында айтты. Бағдарлама көрермендерінің бірі актерге қазіргі қазақ комедиясының жағдайын айтып, экранда "пәтуасы жоқ" кино көбейгенін айтты. 

"Бұл министрліктің бақылауында. Біз цензурадан айырылып қалдық. Қазір кім кино түсірісі келеді, сол түсіре береді. "Арманым еді" деп қатысы жоқ адамдар түсіре береді. Мазмұны, берері жоқ, боқтампоз, қазақтың тәнінде жоқ кинолар пайда болды. Мұндайды қысқартқан дұрыс", - дейді өнер иесі. 

Сондай-ақ, ол жаңа министрге сенетінін айтты. 

"Жаңа келген мәдениет министрлі Аида Балаева бұл жағынан өте қырағы. Оның еңбегі мен тәжірибесі бар. Ол бұл жолда дұрыс бағытта жүруге барын салатынына сенемін", - дейді актер. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!