Заңсыз әрекеттер болған - Депутат шетелдіктер асырап алған балалар мәселесі туралы

Заңсыз әрекеттер болған - Депутат шетелдіктер асырап алған балалар мәселесі туралы
Фото: Massaget.kz

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов қазақстандық балаларды шетелге есепсіз сатқандарды жазалау керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БАҚ өкілі депутатқа "Қазақстаннан бала асырап алу оңай. Кейбір елден кеткен балалар қайтадан биологиялық ата-анасын іздеп келіп жатыр. Бұл мәселе бойынша зерттеу жүргізіле ме?" деп сұрақ қойды.

"Ондай оқиғалар болды. Мәселе міндетті түрде көтеріліп, заң аясында қаралуы керек. Өкінішке қарай, заңсыз әрекеттер болған. Біздің қазақстандық азаматтар бала асырай алмай қиналып жүргенде, шетел азаматтары үшін бұл жұмыс біткен. Яғни бизнеске айналған уақыты болды. Менің ойымша, заң арқылы ғана емес құқық қорғау органдарыда мұны қолға алуға тиіс”, – деді депутат

Депутат шетелден ата-анасын іздеп келген балаларға мемлекеттің көмектесуіне қатысты ойын айтты. 

"Біз міндетті түрде іздеп келген адамға көмектесуіміз керек. Ол адамның - құқығы, сондықтан биологиялық ата-анасын табуға көмек берген жөн. Мұны алда әлі зерттеп қараймыз", – деді Мұрат Әбенов.

Жасұлан Ордабаев

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz