Павлодар облысында лифтте дәрет сындырған әйел видеоға түсіп қалды

Павлодар облысында лифтте дәрет сындырған әйел видеоға түсіп қалды
Фото: instagram

Павлодар облысында әйел адам лифттің ішінде дәрет сындырған. Оқиға видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полицияға қаладағы Чайковский көшесі үйінің тұрғыны арызданған. 

"Мен бұзушының жеке басын анықтадым, ол досына қонаққа келген 32 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Құқық бұзушыға қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік материал толтырылды",- деді Павлодар қаласы ПБ Оңтүстік полиция бөлімінің аға учаскелік инспекторы Ержан Тыналинов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Организация (@dp_pavlodar)

Материал сотта қаралды, сот шешімімен қылмыскерге 15 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина