"Дәулет Тұрлыханов, Жигули Дайрабаев". Ұлттық құрылтай құрамынан кімдер шығарылды?

Ұлттық құрылтай құрамында ротация жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

​Ұлттық құрылтайдың жұмысына жұртшылықтың жаңа өкілдері – ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева, "Қазақстан кәрістер қауымдастығы" ЗТБ төрағасы Юрий Шин, Қазақстанның Еңбек Ері, Семей қаласындағы № 7 мектеп-лицейінің мұғалімі Алма Шұқыжанова, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Нұрлан Әуесбаев, Никита Шаталов, Zhubanov university басқарма-төрағасы, ректор Лаура Қарабасова, пара жеңіл атлетика бойынша спортшы Айсұлу Сүлейменова, дүнген этносының көшбасшысы Лугмар Буларов, "Азаттық рухы" ақпараттық агенттігінің тележүргізушісі, журналист Кристина Гринько тартылды. ​Бұдан бөлек құрамға бірнеше аймақтан қоғамдық кеңес мүшелері кірді.

​Ұлттық құрылтай құрамынан Б. Әлтеев, А. Толамысов, Г. Қанай, С. Огай, Ж. Дайрабаев, Қ. Майгелдінов, Б. Уәли, А. Тимощенко-Боровикова, С. Сарыбай, Д. Тұрлыханов, А. Лодочников, С. Құранбек, Э. Суларов шығарылды.

​Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының "Egemen Qazaqstan" газетіне берген сұхбатында хабарланғандай көктемде өтетін Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысына дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!