Ота жасатамын деп көз жұмған қарағандылықтың ісіне қатысты жаңа дерек шықты

Ота жасатамын деп көз жұмған қарағандылықтың ісіне қатысты жаңа дерек шықты
Фото: КТК

Қарағанды облысында жоспарлы ота жасатамын деп көз жұмған 40 жастағы азаматтың өліміне қатысты іс тергеуге жолданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Медициналық қызмет сапасын бақылау департаменті жүргізген тексеріс бірқатар олқылықты анықтаған. Бірақ олардың дені дәрігерлердің стандарт процедурадан ауытқуы ғана деп танылыпты.

Себебі марқұм Төрежан Мақашов қандай да бір антибиотикке аллергиясы бар адам ретінде диспансер есебінде тұрмаған. Сондықтан отаның алдында Цевтираксон антибиотигі стандартты ем ретінде қарастырылыпты. Бірақ сұйықтықты тері астына сынама ретінде еккенде оның реакция беру уақыты қадағаланбаған. Төреженға реанимация шараларын жүргізуде дәрігерлік консилиум өткізілмегені анықталды. Сондықтан емдеуші дәрігер өз еркімен жұмыстан кеткен, ал екпе жасаған медбике басқа бөлімге ауыстырылыпты.

"Тексеріс құжаттары полиция департаментіне жолданды. Олар процессуалды шешім қабылдайды. Біздің тексеріс нәтижесінде стандарт процедуралардан ауытқау бойынша аурухана басшылығы әкімшілік жазаға тартылды. Ары қарай әрекеттер мен сот медициналық сараптаманы полиция тағайындап жүргізеді", - дейді Қарағанды облысы медицина қызметі сапасын бақылау департаментінің басшысы Ольга Смирнова.

Еске салайық, Төрежан Мақашов облыстық ауруханаға 8 қарашада жоспарлы отаға келіп, екі күннен соң жан тапсырған. Себебі марқұмның антибиотикке аллергиясы болған. Оны Төрежанның туыстары ота жасалар кезде дәрігерлерге айтып та, жазып та беріпті.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина