"Актер болады деп ойламадым". Мейірғат Амангелдиннің мектептегі ұстазы шәкірті туралы сөз қозғады

"Актер болады деп ойламадым". Мейірғат Амангелдиннің мектептегі ұстазы шәкірті туралы сөз қозғады
Фото: іnstagram.com/meyirgat_amangeldin/

Танымал актер Мейірғат Амангелдиннің мектептегі ұстазы "1001 түн" бағдарламасында шәкірті туралы сөз қозғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Актердің ұстазы Алмас ағай бағдарламаға қоңырау шалып, шәкіртіне жылы лебізін білдірді. 

"Тікелей эфирде көріп қатты қуанып отырмын. Өте керемет жігіт, өте талантты, сабақты да жақсы оқитын. Актер болады деп ойламадым. Өзімнің бір лебізімді білдіргім келеді. Мейірғат сомдаған ролдің бәрі ұнайды маған. Оның осындай дәрежеге жетіп отырғанын құттықтаймын", - дейді Алмас ағай. 

Актер де ұстазына алғыс айтты. Сондай-ақ, ол ата-анасының мектепте сабақ беретінін айтты. 

"Ата-анам да мұғалімдер ғой. Әкем қазақ тілі мен әдебиет пәнінен сабақ береді. Ешқандай сабақ оқымасам да, сол пәнді оқимын. Оның үстіне, тегім Амангелдин ғой, әкем сабақты алдымен менен сұрайтын", - дейді ол. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек