Арыстағы наубайханада болған жарылыстан зардап шеккен әйел қайтыс болды

Арыстағы наубайханада болған жарылыстан зардап шеккен әйел қайтыс болды
Фото: otyrar.kz

Түркістан облысы Арыс қаласындағы наубаханада болған жарылыс кезінде зардап шеккен әйел қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Наубайхана ішінде өрт сөндіру бөлімі жеткенге дейін 1 дана 50 литр газ/пропан жарылған. Салдарынан 1984 және 1988 жылы туған екі азаматтың да денесін күйік шалып, ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар наубайханадан 2 дана 50 литр және 2 дана 25 литр пропан газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды.

Жарылыстан зардап шеккен әйел ауруханада қайтыс болды.

"Газ баллоны жарылған кезде зардап шеккен Өзбекстанның екі азаматы ауруханаға жатқызылды. Қабылдау кезінде екеуінің де жағдайы ауыр болды, олар қатты күйік алған. Бүгін сағат 13:00-де 1984 жылы туған әйел қайтыс болды. Оның денесінің 92 пайыз күйік шалған еді", - деді Арыс аудандық орталық ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушіс Талғат Тәжиметов.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысы Арыс қаласында газ баллоны жарылып, екі адам зардап шеккенін жазған едік.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан