Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын бөлісті

Әнші, Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ертең ғасыр дауысы, маэстро Пласидо Доминго мырза екеуіміз орындаған 1863 жылғы Жоржа Бизе операсына тиесілі The pearl Fishers әнінің премьерасы өтпек", - деп жазды әнші.

Айта кетейік, 2023 жылғы желтоқсанда Димаш Құдайберген Пласидо Домингомен кездескен еді.

"1999 жылы біздің үйде үш ұлы тенордың концерті жазылған кассета болды. Бірақ мен жылдар өте келе Ұлы Пласидо Домингомен бірге Еуропадағы ең қызықты "Виртуоздар" телешоуының қазылар алқасының мүшесі болып жұмыс істейтінімді елестете алмадым. Бұл - жас талантты сайыскерлер үшін нағыз жұлдыз атануға тамаша мүмкіндіктердің бірі. Барлық қатысушыға және бізге, қазылар алқасының мүшелеріне сәттілік тілеймін. Пласидо Доминго шақырғаныңыз үшін алғысым шексіз!", - деп жазды әнші сол кезде.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!