Қазақстанның Әнұраны және атты әскер: Римде Тоқаевты қарсы алу рәсімі қалай өтті?

Қазақстанның Әнұраны және атты әскер: Римде Тоқаевты қарсы алу рәсімі қалай өтті?
Фото: Akorda.kz

Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаевтың Римдегі кездесу салтанатында түскен фотосы мен видеосын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Квиринале" сарайының алдында Қасым-Жомарт Тоқаевты Италия президенті Сержо Маттарелла қарсы алды. Үрмелі аспаптар оркестрі Қазақстанның мемлекеттік Әнұранын орындады.

XVI ғасырда тұрғызылған Квиринал сарайы Римдегі тарихи ғимараттың бірі болып есептеледі.

Қазіргі уақытта ол Италия Республикасы Президентінің ресми үш резиденциясының бірі ретінде жұмыс істеп тұр.

Римде бүгін күн жылы, +18 градус. Бір қызығы, кездесуге Италия президенті пальтомен, Қасым-Жомарт Тоқаев костюммен келген.

Айта кетейік, 18 қаңтарда Қазақстан көшбасшысының Италия президентімен және премьер-министрімен келіссөздері жоспарланған.

Мемлекет басшысы "Қазақстан – Италия" инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысады және итальялық ірі компаниялардың басшыларымен бірқатар кездесу өткізеді.

19 қаңтарда Қазақстан Президенті Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездеседі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан