Арыстағы наубайханада газ баллоны жарылып, екі адам ауыр халде ауруханаға түсті

Түркістан облысы Арыс қаласында газ баллоны жарылып, екі адам зардап шекті. Оқиға наубайханада болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Термиялық күйік шалған екі қызметкер ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Наубайхана мен жақын орналасқан дүкеннің 200 шаршы метрге жуық аумағы өртенген.

Құтқарушылардың айтуынша, газ баллондарының бірі өрт орнына жақын тұрғандықтан газ тез қызып, жарылыс болған.

Екі адамның денесінің 30 және 70 пайызын күйік шалған.

Оқиға орнынан 50 литрлік екі газ баллоны және 25 литрлік екі баллон шығарылды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!