Дәрігер жалғыз отырғанда қақалып қалсаңыз, өзіңізге қалай көмектесу керегін айтты

Дәрігер жалғыз отырғанда қақалып қалсаңыз, өзіңізге қалай көмектесу керегін айтты
Фото: ru.freepik.com

Кез келген адам қақалып қалуы және ол кезде жаныңызда ешкім болмай қалуы мүмкін. Сондықтан мұндай кезде өзіңізге қалай көмектесу керегін біліп жүргеніңіз абзал. Дәрігер Эвелина Овнанян тыныс алу жолдарына басқа зат түскен кезде өз-өзіңізге қалай көмектесе алатыныңызды айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі NEWS.ru-ге сілтеме жасап.

Маманның айтуынша, мұндай жағдайда ең алдымен тынышталып, жөтелу керек.

"Егер қақалып қалсаңыз, ал жаныңызда ешкім болмаса, ең алдымен жөтеліп бастау керек. Біздің ағзамыздың негізгі қорғаныш механизмі тыныс алу жолдарының ішінара бітеліп қалған кезінде көмектесе алады", - дейді Эвелина Овнанян.

Маман қарқынды түрде жөтелу керегін, ал әсерді күшейту үшін сәл еңкеюге болатынын айтты. Жөтелгіңіз келетін сезімді басуға және тұрып қалған затты қолмен алуға болмайды. Егер бұл көмектеспесе, адамның басқа әдісті қолдануына шамамен 1,5 минуттай уақыты бар.

"Жазық, жіңішке бет табыңыз (мысалы, орындықтың арқасы) және оның үстіне еңкейіп"тұрыңыз: ішіңіз бүгіліс сызығының үстінде тұруы керек. Аяғыңызды босаңсытыңыз да, заттың үстіне жата қалыңыз. Іштегі қысым өкпе диафрагмасы арқылы басқа денені сыртқа шығарады", - дейді дәрігер.

Тағы бір әдіс – Геймлих әдісі. Қолыңызды жұдырыққа түйіп, ішіңізге кіндіктен сәл жоғары жерге бас бармақпен тақаңыз. Жұдырықты келесі қолыңызбен ұстап, бес рет ішке және жоғары қарай басыңыз. Дәрігер бұл әдісті басқа адам артыңызға тұрып жасаған кезде нәтижесі тиімдірек болатынын айтты.

"Егер қатты қақалып қалғаныңызды түсінсеңіз, жөтелуді тоқтатпай, есікті ашып, ұялы телефоннан 112-ні (103-ті) теріп, көршілеріңіздің есігін қағыңыз", - деп қорытындылады маман.

Оқи отырыңыз: Неліктен бас айналады?

А. Жапатова