"Күліп еске алды!" 17 жыл құлдықта болған қыздар өткен өмірі туралы айтты

"Күліп еске алды!" 17 жыл құлдықта болған қыздар өткен өмірі туралы айтты
Фото: Руслан Өтепбайдың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Түркістан облысында апалы-сіңілі қыздар ұзақ уақыт бойы еңбек құлдығында болған еді. Бұл жағдайды қыздардың сыныптастары "Көреміз" бағдарламасына айтқан болатын. Журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желіде қыздардың бірінің видеосын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Назгүл бұған дейінгі өмірін еске алды.

"Жаман болып кеткенбіз, иә? Қаптағы киіміміз тұрды, соны көрсеттік. Азық-түлігіміз тұр. Газымыз таусылып қалған. Таусылмағанда, тамақ істейтін едім. Жоқ, білмеймін (аяғы жарылғанын, тырнағы өскенін ағамызға айтпайтын едік - еск.). Үйдегі суға түсіп алатын едік. "Ауруханаға барасыңдар, шомылып алыңдар" дейді. Шәуілдірге ауруханаға барып келеміз. Жоқ, жүре береміз (былай шомылдырмайды - еск.)", - деп жазды журналист.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Руслан Есмагамбетов (@ruslan_utepbai)

"Назгүл өткен өмірін күліп еске алды! Малды ауылдағы тұрмыстарының азып-тозғанын, тек дәрігерге баратын кезде ғана жуынатындарын тілге тиек етті! Осы мәліметтердің барлығы полиция мен "шұбат беруші" прокуратураның құлағына жетсе екен… Балдай қыздардың тағдырының тас-талқанын шығарған ағасы мен жеңгесі жауапқа тартылу керек!" - деп жазды журналист.

Желі қолданушылары қос қыздың жетістіктеріне шын қуанды.

"Жаным-ау сөйлегеніне қуанып кеттім", "Көрген сайын қуанамын, бір жағынан жылағым келеді...", "Өткен қиыншылығың көрген түстей болсын", "Ашылып сөйлейтін болыпты. Енді тек бақытты күндер көп болсын", "Алғашқы кездегімен салыстырганда жер мен көктей, қыздармен керемет жумыс жасалғаны көрініп тұр", - деп жазды олар әлеуметтік желі қолданушылары.

Еске салайық, бұған дейін қыздар қазір психологтың ем курсынан өтіп жатқаны хабарланды.

"Қорлық, қасақана кісі өлімі сынды күдікке толы жағдай анықталып жатыр". 17 жыл құлдықта болған қыздар туралы тың дерек айтылды

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова