Әнші Айдана Меденова үшінші сәбиін өмірге әкеліп, ерекше есім қойған

"Кеш YOU" тобының экс-солисі Айдана Меденова үшінші рет сәбилі болды , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сүйінші жаңалықты өнер иесі instagram-парақшасында бөлісті. 

"Шыр етіп, жарық дүниеге Ханифам келді. Шаңырағымды шаттыққа толтырып, кестетігерім өмір есігін ашты. Аллаға мың да бір шүкір. Алланың сүйікті құлының бірі бол, Ханифам менің", - деп жазды әнші. 

Отбасы үшінші сәбиіне "Ханифа" есімін қойған. Ханифа - терең тарихи маңызы бар әйел есімі. Ханифа есімі араб түбірінен шыққан,"артқа шегіну" немесе "бір нәрседен алыстау "деген мағынаны білдіреді. Кейбір деректерде бұл есім "шыншыл, турашыл" - деген мағына. 

Желі қолданушылары әншіні құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

"Балапан бақытты болсын!", "Жаным кішкентай балапаныңның бауы берік, дені сау, ғұмыр жасы ұзақ болсын. Көз қуаныштарың болсын", "Бауы берік болсын", "Бауы берік болсын сұлу қыздың, анасы секілді сұлу боп өссін", "Машааллаһ, құтты болсын! Маған да жұғысты болса екен", - деп жазды олар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!