Экс-премьер-министр Асқар Мамин қайда жүргені белгілі болды (видео)

Экс премьер-министр Асқар Мамин Түркияда көзге түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұрынғы премьер-министрдің Түркия елінде жүргені жайлы видео әлеуметтік желіде тарады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от НОВОСТИ ВСЕГО МИРА (@qazaqstan_eli)

Еске салайық, 2022 жылы 5 қаңтарда Асқар Мамин бастаған Үкімет отставкаға кеткен болатын. Сол күні Президент Тоқаев Үкіметті отставкаға жіберу туралы Жарлыққа қол қойды. Маминнің орнына Әлихан Смайылов бастапқыда премьер-министрдің міндетін атқарушы болып, артынша премьер-министр болып тағайындалды. 

Мұндай шешім елде болып жатқан наразылық шараларына байланысты қабылданды. Жаңаөзен мен Ақтаудың мыңдаған тұрғыны жаңа жылдан кейін бағасы күрт шарықтап кеткен сұйытылған газ бағасын түсіруді талап етіп, көшеге шыққан болатын. Артынша өзге қала тұрғындары да көшеге шығып, бүлік шығара бастаған болатын. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина