Ауызбен тыныс алу денсаулыққа зиян: дәрігер оның 5 қауіпті салдарын атады

Ауызбен тыныс алу денсаулыққа зиян: дәрігер оның 5 қауіпті салдарын атады
Фото: ru.freepik.com

Әдетте біз тұмау кезінде ауызбен тыныс аламыз: мұрын бітеліп қалғандықтан, басқа амал қалмайды. Алайда егер хал-жағдайыңызға қарамастан, ауызбен тыныс алатын әдетіңіз бар болса, одан жылдам арылу керек, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Doctorpiter" порталына сілтеме жасап.

Тыныс алудың ең дұрыс техникасы – мұрынмен терең дем алып, оны ауызбен баяу шығару. Бұл қарапайым әрекет жылдам тынышталуға, қандай да бір нәрсеге зейін қоюға және хал-жағдайды жақсартуға көмектеседі.

Әдетте біз тыныс алуды бақыламаймыз. Алайда ауырып қалған кезде мұрын ісіп кетеді, температура көтеріледі, сондықтан тек ауызбен ғана тыныс ала аламыз. Сондай-ақ ұйықтап жатқанда да тынысты бақылау мүмкін емес. Кейбір адамдар жиі аузын ашып ұйықтайды, бұл қорылдауға немесе апноэге әкелуі мүмкін.

Зерттеу бойынша, 2 мың ересек адамның ішінен 13 пайызы жүйелі түрде ауызбен дем алады екен. Ұйқы кезінде бұл көрсеткіш 18 пайызға дейін артады. Терапевт Роджер Хендерсонның айтуынша, мұндай әдет денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін.

Дәрігер оның мынадай салдарларын атады:

  1. Ауызбен тыныс алу кезінде ағзаға оттек аз түседі, сәйкесінше, адам ұйқы проблемасымен қиналуы мүмкін. Бұл ұйқысыздыққа әкеледі;
  2. Адам дұрыс тыныс алмаған кезде жылдам шаршап қалады, бұл оның моральді жағдайына әсер етеді. Оның себебі – тағы да оттектің жетіспеуі;
  3. Ауыз қуысы құрғап кетуі мүмкін, ал ол тіс жегінің және тіс еті проблемаларының пайда болу қаупін арттырады;
  4. Тағы бір қауіп – тыныс алу жолдарының инфекциясы. Ауызбен қаншалықты жиі тыныс алсаңыз, бадамша бездер мен аденоидтардың қабыну қапуі соншалықты жоғары болады;
  5. Егер аллергиядан қиналсаңыз, ауызбен тыныс алу жағдайды ушықтырып жібереді. Ұсақ бөлшектер бірден өкпеге түседі, соның салдарынан құрғақ жөтел күшейеді, көзіңіз жасаурайды және бақа да жағымсыз белгілер пайда болады.

Мұрын бітелсе не істеу керек?

Әрине, мұрынға арналған спрейлер мен тамшылар бар, олар жағдайды уақытша жеңілдетеді. Алайда оларға үйреніп алсаңыз, тыныс алу проблемаларынан арылмайсыз. Алдымен мұрныңызды физиологиялық ертіндімен немесе теңіз суы бар спреймен шайыңыз. Оның өзі жағдайыңызды біраз жеңілдетеді. Ары қарай тыныс алу жаттығуларын орындаңыз:

  • Отырыңыз және аузыңызды жабыңыз;
  • Содан соң мұрын арқылы терең тыныс алып, шығарыңыз;
  • Мұрныңызды қысып, басыңызды алға-артқа үлкен амплитудамен еңкейіп, шалқайыңыз. Осылай дем алғыңыз келгенше жасаңыз;
  • Содан соң қайтадан тысын алыңыз.

Маңызды: жаттығу жасау кезінде аузыңыз жабық болуы керек.

Сондай-ақ мұрын бітелген кезде саусағыңызбен  бір және екі танауды және біруақытта екеуін бірге сағат тілімен және оған қарсы айналмалы массаж жасауға болады. Оны 10-15 рет жасау жеткілікті.

Оқи отырыңыз: Қыстың денсаулыққа пайдасы

А. Жапатова