Астанада мешіт тазалықшысы кіші қажылыққа жолдама алды

Астанада мешіт тазалықшысы кіші қажылыққа жолдама алды
Фото: ҚМДБ

Астанадағы "Сәдуақас қажы Ғылмани" мешітінің бас имамы өзіне берілген кіші қажылық жолдамасын мешіт тазалықшысына тарту етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайтына сілтеме жасап.  

Мешіт жамағаты ала жаздай құлшылық ордасында жүргізілген кеңейту, қайта жөндеу, әрлеу жұмыстарына ризашылығын білдіріп, күрделі жұмысқа бастамашы болған бас имам Руслан Байзақовқа ұмра қажылығына жолдама тарту етті. Бас имам қасиетті жұма күні өзіне тарту етілген сыйлықта қабыл алып, жамағатқа ризашылығын білдіре отырып, кіші қажылық жолдамасын мешіт тазалықшысына ұсынды.

Еске салайық, Руслан Байзақов бас имам болып тағайындалғаннан кейін мешіт тазалықшыларын кезек-кезегімен, демеуші азаматтардың қолдауымен кіші қажылыққа жіберген болатын. Бұл жолы жолдама сыйлаған қызметкер бұрын кіші қажылыққа бармаған еді. Оның да сәті түсіп, Алла нәсіп етті.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек