Еуропарламент: Орталық Азия - Шығыс пен Батысты байланыстыратын негізгі аймақ

Еуропарламент Қазақстанның Орталық Азиямен ынтымақтастықты дамытуда шешуші рөл ойнайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ЕО халықаралық құқықты, сондай-ақ бүкіл мемлекеттердің тәуелсіздігі, егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеу қағидаттарын толықтай сақтай отырып, Орталық Азия елдерімен бейбітшілік, қауіпсіздік, өркендеу және тұрақты даму үшін бірлесіп жұмыс істеуге бейілді.

Еуропалық Одақ Орталық Азия мемлекеттері бүгінгі таңда EPCA келісімдері аясында демократиялық принциптерді, адам құқықтарын және заң үстемдігін құрметтеуге ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті.

Еуропарламент депутаттарының айтуынша, Орталық Азия үкіметтері өзара байланыс кезінде адам құқықтарын, демократиялық құндылықтар, гендерлік теңдік және БАҚ тәуелсіздігі туралы талқыланды.

Қазіргі таңда Орталық Азияның экономикалық дамуы, ЕО мен Орталық Азия арасындағы сауда мен ынтымақтастық үшін оң инвестициялық ахуалдың аса маңызды.

Сондай-ақ депутаттар Орталық Азия үшін трансатлантикалық ынтымақтастықтың маңызына тоқталды.

Онымен қоса, Орталық Азия елдерін АҚШ бастаған бірлескен стратегияны әзірлеуге атсалысуға шақырды. Өз кезегінде, бұл - демократияны ілгерілету, инвестиция және сауда, экономика және аймақтық қауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастықты қамтымақ.

Қазақстан - Орталық Азия елдері арасында EPCA ратификациялаған бірінші мемлекет. Бұл коммуникациялар, энергия тиімділігі, жасыл экономика және цифрландыру сияқты өзара қызығушылық тудыратын негізгі салалардағы ынтымақтастықты арттыруға берік негіз бола алады.

Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы шикізатты, аккумуляторларды және сутегінің жаңартылатын көздерін тұрақты пайдалану саласындағы стратегиялық әріптестік туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюды қолдайды.

Еуропалық одақ Қазақстан үкіметіне экономикалық реформаларды жүзеге асыруды жалғастыруға шақырды.

Сонымен қатар Еуропарламент депутаттары “Әділетті Қазақстан” тұжырымдамасы адам құқықтарын қамтамасыз ететінін айтты. Олардың айтуынша, Қазақстан ЕҚЫҰ-ның Демократиялық мәселелер жөніндегі бюросының ұсынымдарына сәйкес сайлау жүйесін жетілдіруге тиіс.

Жасұлан Ордабаев

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!