"Ешқандай құпия жоқ". Жұлдызды жұп Мирас пен Құралай мүлде сөзге келмейтіндерін айтты

Жұлдызды жұп Мирас пен Құралай Бекжановтар отбасылық өмірде ұрысқан кезі болмағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы олар "Мархаббат" бағдарламасына берген сұхбатында бөлісті. 

"Біз шынымен ұрыспаймыз. Кеше анам "үйленгендеріңе 23 жыл болды, бір ұрысқандарыңды көрмедім" дейді. Расымен, сөзге келіп қалған сәт болды. Бірақ ортамызда емес, біреу үшін ұрысқан кез болды. Оны бір жетістік не тәрбиенің арқасында деп айта алмаймын. Алланың берген сыйы шығар. Ешқандай құпия жоқ. Құдай осылай жаратты", - дейді Мирас Бекжанов. 

Сондай-ақ, жұлдызды жұптың тұңғыш баласы өнерге жақын емес екенін айтты.  

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!