Атырауда өзін өртеп жіберген ер адам қайтыс болды

Атырауда өзін өртеп жіберген ер адам қайтыс болды
Фото: ашық дереккөз

Атырау облысында өзін өртеп жіберген ер адам ауруханада қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 62 жастағы ер адам 17 қаңтарда сағат 04.30-да ауруханада қайтыс болған. 

Еске салайық, 14 қаңтарда Атырау облысында ер адам өзін-өзі өртеп жібергені туралы хабар тарады. Оқиға 13 қаңтар күні сағат 16:45 шамасында болған.

Ер адам Доссор кентіндегі Аймағамбетов көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінің жанында өзін өртеп жіберген еді. Денесінің 70 пайызын күйік шалған болатын. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина