Іштегі майды кетіруге көмектесетін шайдың 6 түрі

Артық салмақтан құтылуға көмектесетін сиқырлы сусын жоқ. Алайда дұрыс тамақтану, физикалық белсенділікті арттыру және белгілі бір сусынды үнемі ішу арқылы арықтап, салбыраған майдан құтылуға болады. Бұған қосымша құрал ретінде қарау керек.

Massaget.kz тілшісі іштегі майды кетіруге көмектесетін шайдың 6 түрін тізді.

Зімбір шайы

Зімбір шайы зат алмасуды ынталандырады, қабынуға қарсы қасиеті бар. Сондықтан күнделікті таңертең бір шай қасық бал мен лимон қосылған хош иісті шай ішу ас қорыту жұмысын жақсартып, тәбетті бақылай алады. Сондай-ақ, зімбір шайы кейде кофені алмастыра алады, өйткені ол күш-қуат береді.

Көк шай

Көк шай - эпигаллокатехин галлаты (EGCG) сияқты антиоксиданттың көзі. Көк шайды үнемі ішу ағзадағы зат алмасу процесін белсендіруге және оны ынталандыруға көмектеседі. Сонымен қатар, көк шай несеп айдағыш қасиетке ие болғандықтан денеден артық сұйықтықты шығарады. Ал егер көк шайға майлылығы аз сүт қосатын болсаңыз, оның несеп айдағыш әсері күшейеді.

Пуэр шайы

Арнайы шикізаттан өндірілген және белгілі бір деңгейде ашытылған пуэр шайы асқазан-ішек жолдарының қызметін белсендіреді, зат алмасуға жағымды әсер етеді және ағзаға іш аймағында жинақталған маймен күресуге көмектеседі. Пуэр қандағы глюкоза деңгейін төмендетеді, бұл тәбетті айтарлықтай басады. Бұл шайдың көмегі тиюі үшін тамақтанудан 30 минут бұрын ішу керек немесе кешкі асты шаймен алмастыруға да болады.

Жалбыз шайы

Жалбыз шайының құрамында ментол бар, ол өт ағынын жақсартып, ағзадағы майдың ыдырауына ықпал етеді. Ол ішектегі шірік пен ашыту процесін тежейтіндіктен, іш кебуді де азайтады. Жалбыз шайын үнемі ішу тәттіге деген құштарлықты, тәбетті айтарлықтай төмендетеді деп саналады.

Розмарин шайы

Розмарин "майды ыдырататын шөп" деп те аталады. Розмарин шайында зат алмасу процесін тездететін биологиялық белсенді заттар бар. Бұл сусынды таңертең аш қарынға немесе әр тамақтан кейін ішу ұсынылады.

Сүтті улонг (молочный улун)

Бұл шай түрінің өзінің ерекше реңкі үшін "нефрит" деген екінші атауы бар. Сүтті улонг шайы сүт ферменттерімен өңделген тұтас жапырақтардан дайындалады. Бұл шайға нәзіктік дәм береді. Сүтті улонгта бауыр жұмысын жақсартуға және зат алмасуды жеделдетуге көмектесетін белсенді заттар бар.  Шайды күннің бірінші жартысында және ұйқыға дейін үш сағат бұрын ішкен дұрыс.

Айта кетейік, бұған дейін қай кезде шай ішуге болмайтыны хабарланған болатын.

  • Аш қарынға шай ішпеңіз;
  • Шайды өте ыстық кезінде ішуге болмайды;
  • Шайды суып қалған күйінде ішуге болмайды;
  • Шайды тым ащы қылып ішпеңіз;
  • Дәрі-дәрмек қабылдаған кезде шай ішуші болмаңыз;
  • Тұрып қалған шайды ішуге болмайды.

Тағы да оқи отырыңыздар: Керімсал деген не?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!