Қылмыс әлемінің серкесі болған Көлбаевтың автокөліктері мемлекеттік органдарға берілді

Қылмыс әлемінің серкесі болған Көлбаевтың автокөліктері мемлекеттік органдарға берілді
Фото: 24.kg

Қырғызстанның қылмыс әлемінің серкесі болған Қамшыбек Көлбаевтың автокөліктері мемлекеттік органдарға өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Әңгіме құны 1,15 миллион сом 2019 жылғы Kia Rio X-Line және құны 25,5 миллион сом Mercedes-Benz автокөлігі жайлы. Автокөліктерді ҰҚТ көшбасшысының отбасы берген. 

"Kia Rio X-Line Ұлттық қауіпсіздік Мемлекеттік комитетіне, ал Mercedes-Benz S600 Президент пен Министрлер Кабинетінің басқармаларына берілді", - делінген хабарламада.  

Қамшыбек Көлбаевтың тағы төрт автокөлігі аукционға қойылған. 

Қылмыс әлемінің серкелері: бірі мерт болды, бірі ұсталды

Еске салайық, былтыр 4 қарашада Бішкектегі арнайы операция кезінде қылмыс әлемінің серкесі Камчибек Кольбаев ұсталды. Бұл көрші ел қоғамында қызу талқыға түскен жайт болды. Биыл Камчибек Кольбаев арнайы операция кезінде ұстау барысында өлтірілген болатын. 

Камчибек Кольбаев - қырғызстандағы ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі. Кольбаев ұзақ жылдар бойы тағы бір ҰҚТ жетекшісі Рысбек Акматбаевтың көмекшісі болған. Алайда олар 1990-жылдары екіге кеткен. Сол жылдары Актамбаев Кольбаевтың кәсібін тартып алған деген қауесет тараған.  

2000 жылы Актамбаевты өлтіруге әрекет жасалған. Оның қасындағы екі адам да өлі табылды, ҰҚТ жетекшісінің өзі жарақаттанған. Актамбаевты өлтіруге әрекет жасаған деген күдікке Кольбаев ілінген. Осылайша Кольбаев 25 жылға сотталған. Бірақ бұл мерзім бойынша түрмеде соңына дейін отырған жоқ. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина