Ғалымдар күннің қай бөлігінде кофе ішуге болмайтынын айтты

Ғалымдар күннің қай бөлігінде кофе ішуге болмайтынын айтты
Фото: elements.envato.com

Америкалық ғалымдар кофені күннің қай бөлігінде ішу керегін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ғалымдардың айтуынша, мүмкіндігінше сергек болып, ұйқыңыз ашылуы үшін кофені 09.30-дан 11.00-ге дейін ішпеу керек. Керісінше, бұл ыстық сусыннан бар энергияны таңертең сағат 11.00-ден кейін ішсеңіз ғана ала аласыз. 

Мұның себебі стресс гормоны кортизолмен байланысты. Бұл уақыт аралығында ағзада кортизол өндіріліп, деңгейі жоғары болады, ал кофе гормонға теріс әсер етеді. Сондықтан, ғалымдар оянғаннан кейін бірден кофе ішпей, кем дегенде 1 сағат күткен дұрыс екенін ескертті. 

Негізі күніне кофеинді 400 мг артық ішуге болмайды, бұл 4 шыны кофеге тең. Ал сусынның соңғы кесесі ұйықтауға 8 сағаттан бұрын ішу керек, өйткені кешке кофе ішу ұйқыны бұзып, келесі күні шаршап жүруіңізге ықпал етеді.

Айта кетейік, бұған дейін кофе мен лимон салмақ тастауға көмектеседі деген алыпқашпа әңгіменің қаншалық рас екені хабарланған болатын.  

Йель медициналық университетінің терапевті Хорхе Мореноның айтуынша, кофе мен лимонның денсаулыққа пайдасы бар екені дәлелденген. Бірақ бұл екі өнімді араластыру олардың пайдасын арттырмайды.

"Кофе мен лимон шырынын араластырып ішу салмақ жоғалтуға көмектеспейді. Негізінде, бұл жәй ғана адамдарға жалған үміт беретін желідегі миф", - дейді Бэйлор медицина колледжінің аға диетологы Кортни Кэри.

Диетолог Александра Разаренова лимон мен кофе салмақ жоғалтуға арналған сиқырлы сусын емес екенін растады.

"Жүргізілген зерттеулер нәтижесі, кофенің метаболизм жұмысын тездетіп, энергия шығынын арттыратынын көрсетті. Бірақ, кофе әсер етуі үшін салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды қатар алып жүру қажет. Лимонның құрамындағы С дәрумені де метаболизм жұмысын жақсартады, бірақ салмақ жоғалту құралына жатпайды", - дейді маман.

Тағы да оқи отырыңыздар: «Қасым ханның қасқа жолы» неше бөлімнен тұрады?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә