Алматыда 19 сантиметр қар жауған

Алматыда 19 сантиметр қар жауған

Алматыда 19 сантиметр қар жауған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ұала әкімдігіне сілтеме жасап.

Әкімдік мәліметінше, қар тазалау жұмыстарымен жол қызметкерлері мен 425 бірлік техника айналысып жатыр. 

16 қаңтар сағат 22.30-дан 17 қаңтар таңға дейін қалада 19 сантиметр қар жауған. Қар тазалау жұмыстары тәулік бойы жүргізіледі.

Түнде 421 бірлік арнайы техника жұмыс істеді, таңертең 425 бірлік арнайы техника жұмылдырылды, оның ішінде 146 құм таратқыш және 1143 жол жұмысшысы тартылды.

Фото: Алматы әкімдігі

Сағат 02:30-дан бастап жол полициясының патрульдік машиналарының сүйемелдеуімен 13 бағанмен қар күреу жүргізілген. 

Таңғы сағат 05.00-ден бастап 168 бірлік шағын көлемді жинау техникасының күшімен тротуарлар қардан тазартылуда, бұл жұмыс қазіргі уақытқа дейін жалғасуда. Аялдамаларды, жер үсті өткелдерінің тұрақ "қалталарын", әлеуметтік маңызы бар объектілерге өтетін жолдарды тазарту жұмыстары күшейтілді.

Қалалық трафикке жүктемені азайту мақсатында сағат 07.00-ден бастап техникаға жанармай құю және құм таратқыштарды көктайғаққа қарсы материалмен толтыру жүзеге асырылады. Сағат 10.30-дан бастап жолдардың жүріс бөліктерін қардан тазартудың жаңа циклі және жиналған қарды сыртқы полигондарға шығару басталады.

Айта кетейік, бір күн бұрын синоптиктер дауылды ескерту жариялады, осыған байланысты құтқарушылар тұрғындарды көктайғақ кезінде жолдарда өте сақ және мұқият болуға шақырды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина