Ақтөбеде анасымен жанжалдасқан ер адам қамауға алынды

Ақтөбеде анасымен жанжалдасқан ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Облыстық ПД мәліметінше, тұрмыстық қылмыстардың көпшілігі мас күйінде жасалады. 15 қаңтарда учаскелік полиция инспекторы есепте тұрған адамдарды тексеру кезінде 52 жастағы ер адам мас күйінде анасына жанжал шығарғанын анықтады.

Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК 73-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру үшін учаскелік полиция пунктіне жеткізілді. Материал сотқа жіберіліп, сот шешімі бойынша жанжал шығарушы 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Іс-шараның бірінші күні учаскелік полиция инспекторлары 82 қорғау нұсқамасын шығарды, сот шешімдерімен құқық бұзушылардың мінез-құлқына 29 ерекше талап қойды, оның ішінде 27 құқық бұзушыға қатысты алкогольдік ішімдіктерді қолдануға тыйым салынды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина