Костенко шахтасындағы апат: 9 лауазымды тұлға қамауға алынды

Костенко шахтасындағы апат: 9 лауазымды тұлға қамауға алынды
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қарағанды облысындағы Костенко шахтасындағы апатқа байланысты 9 лауазымды тұлға күдікті ретінде танылып, қамауға алынған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады. 

"Салдарынан 46 кенші қаза тапқан Костенко атындағы шахтадағы жарылыстарды тергеу аяқталуда. Шахтаның 9 лауазымды адамы күдікті ретінде танылып, қамауға алынды. Мемлекет активтерін 100 млрд теңгеге жымқыру фактілеріне баға беріліп жатыр. 2023 жылдың қаңтарынан бастап азаптауды тергеу арнайы прокурорлардың айрықша тергеуіне жатқызылды", - делінген хабарламада. 

"Жұмыс беруші кінәлі". Костенко шахтасында тергеу аяқталды

Еске салайық, бастапқыда Костенко шахтасында 7 адам қаза тапқаны белгілі болды.Артынша қаза тапқандар саны 46 адамға жетті. Сонымен қатар, ауруханада жатқан зардап шеккендердің жағдайы айтылды. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаралы жағдайдан кейін "АрселорМитталТеміртаумен" ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина