"Жылдар өте үміт сөнді". 12 жыл бұрын баласынан көз жазып қалған әйел баласымен қауышты

"Жылдар өте үміт сөнді". 12 жыл бұрын баласынан көз жазып қалған әйел баласымен қауышты
Фото: Liter.kz

Көкшетаулық Александра Мантыцкая 12 жыл бойы көз жазып қалған баласын іздеумен өткізген. Оның ұлы бұл уақытта Урюпинск балалар үйінде болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Liter.kz-ке сілтеме жасап. 

Александра Мантыцкая осыдан 12 жыл бұрын Көкшетауда жұмыс таба алмай, бес жасар баласымен Ресейге жұмыс істеуге кеткен. Келген соң құжаттарын жоғалтып алғанымды байқаған.

"Содан полиция мені алып кетті. Баланы да алып кетті, себебі құжаттарым болған жоқ, олар мен баланы ұрлап кеттім деп қорықты. Ұлымды қайта Қазақстанға қайтарды. Құжаттарымды жоғалтып алдым деп арыз жаздым, "Қазақстанда жасатуың керек" деп уақыт созды. Мені депортациялауды өтіндім, бірақ қандай да бір себептермен олар мұны да істемеді. Содан бейресми түрде тазалықшы болып жұмысқа орналастым. Мен сапарға ақша жинадым, бірақ олар елден шығармай қойды. Осы уақыт бойы мен баламның қайда екенін және елден қалай шығарымды білмедім. Басқа амалым болмады, бардым, тіркеліп жүрдім, кейін депортацияландым", – дейді Александра.

Біраз уақыт Ресейде жұмыс істеген әйел телефон сатып алған, кейін Қазақстаннан туыстарын тауып алған. Бірақ ол елге келген соң баланы қайдан іздейтінін білмеді. Қамқоршылық органдары оны "Аналар үйінің" үйлестірушісімен байланыстырған, сол кезде ол баланың Урюпинск балалар үйінде екенін білді.

Ұзақ жылдарды балалар үйінде өткізген Анатолий - көп сөйлемейтін адам. Бала анасына көз жазып қалған күні далаға серуендеуге шыққан, кейін біреулер оны іздеп келіп, анасынан алып кеткен. Оның айтуынша, балалар үйінің іші жылы, тамақ береді дейді. Бірақ осы уақыт бойы ол ара-тұра анасы туралы ойлағанын айтты. Жылдар өте оны "қайта көремін" деген үміт сөнді.

Бүгінде Анатолий 17 жаста, ол 10-сыныпта оқиды, автослесарь болуды жоспарлап отыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек